Алматыда мәйітхана күзетшісі некрофилия жасады деген күдікке ілінді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді.

полиция
Фото: Kazinform

Бұл туралы ақпарат Telegram каналдардың бірінде пайда болды.

Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексiнің 314-бабы (Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу жалғасып жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

 

Соңғы жаңалықтар