Алматыда Медеу – Шымбұлақ жолы уақытша жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 19-22 қазан аралығында Медеу — Шымбұлақ автомобиль жолы жабық болады.

Медеу
Фото: Алматы әкімдігі

19-22 қазан аралығында Медеу — Шымбұлақ автомобиль жолының «Горельник» визит-орталығы маңындағы бөлігінде диаметрі 1 және 1,5 метр болатын екі темірбетон су өткізу құбырын орнату жұмыстары жүргізіледі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жұмыс кезеңінде автокөліктер мен жүргіншілер қозғалысы толықтай тоқтатылады.

— Қала тұрғындары мен қонақтарынан осы бағыттағы сапары мен жаяу жүру маршрутын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеруін сұраймыз, — деп мәлімдеді әкімдік.

Еске салсақ, Алматыда Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кіру тәртібі өзгерген еді.

Сондай-ақ Шымбұлақтағы аспалы жолдар уақытша жабылатыны хабарланды.