Алматыда Медеуге баратын автобустар жаңарды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 6 наурыздан бастап  №12 бағытта Теміржол вокзалы-2  мен «Медеу» БТК қатынайтын автобустар толық жаңарды.

Алматы
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Yutong маркалы газбен жүретін 12 метрлік жаңа автобустар заманауи жабдықпен жабдықталған. Атап айтар болсақ, ауабаптағыш, бейнебақылау жүйелері және телефондарды зарядтауға арналған USB коннекторлар бар. Сонымен қатар салонға аялдамаларды көрсететін ақпараттық дисплей орнатылған.

Ал, бұрынғы автобустар басқа бағыттарды күшейтуге бағытталмақ. 

Естеріңізге сала кетейік, былтыр мегаполис басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алып, 22 жаңа бағыт, оның ішінде 10 қала маңындағы бағыт ұйымдастырып, 50-ге жуық елді мекенді қамтыды. Биыл тағы 600 автобус, 100 троллейбус және 100 электроавтобус сатып алу жоспарға енгізілген. 

Соңғы жаңалықтар