Алматыда мемлекетке 33 млрд теңге залал келтірген қылмыстық топ сотталды

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы прокуратурасы жүргізген тексеру нәтижесінде кеден саласындағы уәкілетті экономикалық операторлар атынан әрекет еткен қылмыстық топтың қызметі әшкереленіп, жолы кесілді.

Лисаковта кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды
Фото: Павлодар облысы соты

Тергеу барысында жалған құжаттар мен кедендік сәйкестендіру құралдарын пайдаланып, тауарларды кеден шекарасы арқылы заңсыз өткізу, нақты орындалмаған жұмыстарға, көрсетілмеген қызметтерге және жөнелтілмеген тауарларға жалған шот-фактуралар жазу фактілері анықталды.

- Аталған заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 33 миллиард теңгеден астам залал келген, - деп жазды бақылаушы органнан.

Сот үкімімен айыпталушылар ҚР Қылмыстық кодексінің 216 және 234-баптары бойынша кінәлі деп танылып, мүліктері тәркілене отырып, екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Апелляциялық саты бірінші саты сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, Алматы әуежайында жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен сүйреді.

Соңғы жаңалықтар