Алматыда мемлекеттік мүлік департаментінің басшысы ұсталды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлім етті. 

Алматыда мемлекеттік мүлік департаментінің басшысы ұсталды
Фото: freepik.com

— Шенеунік жер учаскелеріне өтімділік беру және оны сатудан айтарлықтай қылмыстық табыс алу мақсатында, Қарасай ауданының жергілікті атқарушы органдарының лауазымды адамдарының көмегімен олардың нысаналы мақсаттарын кадастрлық құн айырмасын төлемей өзгертті. Нәтижесінде мемлекетке 1 млрд теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілді, — деп хабарлады Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен.

Бұдан басқа, оған қатысты ұрланған ақшаны жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу арқылы заңдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі.

Бүгін күдікті ҚПК-нің 128-бабы негізінде Іле аудандық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына ұсталып, қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Осыған дейін «Шығыс» өңірлік әскерінің бұрынғы қолбасшысы ұсталған болатын

Соңғы жаңалықтар