Алматыда мереке қарсаңында гүл сататын 1150 сауда орны белгіленді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін аясында гүл сатуға арналған арнайы сауда орындары белгіленді.

Астанада халықаралық гүлдер көрмесі өтіп жатыр
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

2004 жылы 12 сәуірдегі №544-II «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және аудан әкімдіктерінің ұсыныстары ескеріле отырып, қала бойынша гүл сатуға арналған 1150 сауда орны анықталған. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

- Гүл саудасы 6-8 наурыз аралығында қала аумағындағы арнайы бөлінген алаңдарда ұйымдастырылады. Сауда орнын алу үшін кәсіпкерлер жоспарланған сауда орны орналасқан аудан әкімдігіне өтінішпен жүгінуі қажет. Бос орын болған жағдайда кәсіпкерге гүл сатуға рұқсат беретін құжат — меморандум рәсімделеді, - деп хабарлады ведомство.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, арнайы белгіленген орындардан тыс жерде өз бетінше сауда жасауға болмайды. Осыған байланысты кәсіпкерлерден белгіленген талаптарды сақтап, сауданы тек ресми айқындалған сауда орындарында жүргізу сұралады.

Алматы қаласы аудан әкімдіктерінің байланыс деректері:

1. Алатау ауданы: Жанқожа батыр көшесі, 26, тел.: +7 (727) 299-84-23;

2. Алмалы ауданы: Төле би көшесі, 67, тел.: +7 (727) 313-31-02;

3. Әуезов ауданы: 8-шағынаудан, 4Б үй (Абай БО), тел.: +7 (727) 338-46-05;

4. Бостандық ауданы: Айманов көшесі, 191, тел.: +7 (727) 274-83-08;

5. Жетісу ауданы: Құлагер шағынауданы, Серіков көшесі, 2А, тел.: +7 (727) 384-27-60;

6. Медеу ауданы: Пушкин көшесі, 72, тел.: +7 (727) 291-60-72;

7. Наурызбай ауданы: Шұғыла шағынауданы, 347, тел.: +7 (727) 308-70-20;

8. Түрксіб ауданы: Шолохов көшесі, 9, тел.: +7 (727) 221-21-78.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 8 наурыз мерекесі қалай өтетінін жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум