Алматыда метапневмовирус тіркелген бе

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда метапневмовирус ауруы тіркелген жоқ. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.

больница, медицина, врачи, аурухана, дәрігер
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

— Қазір қалада ЖРВИ тобына жататын метапневмовирус анықталған жоқ, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы бойынша жедел респираторлық инфекциялардың маусымдық өсуі байқалады. Өткен аптада ЖРВИ, тұмау ауруларының 12164 жағдайы тіркелді.

Осыған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті метапневмовирустың Қазақстанда да таралып жатқаны туралы мәлімдеген еді. 

Ал СҚ-Фармация елде метапневмовирусты емдеуге қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар