Алматыда метро мен шеткі аудандарды байланыстыратын автобус бағыттары ашылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 6 маусымнан бастап №134 және №140 жаңа қалалық автобус бағыттары іске қосылады.
Алматының жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдерінің мәліметінше, бағыттарға «NomadBus» ЖШС қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге Yutong маркалы 23 автобус шығады. Олар – ұзындығы 12 метр болатын төмен еденді электр автобустар. Әр автобустың сыйымдылығы 90 жолаушыға арналған, бұл қарбалас уақытта жоғары жолаушыларға тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
– Жаңа бағыттарды іске қосу тасымалдаушының жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Электр автобустарды сатып алу мен қаржыландыру «NomadBus» ЖШС-нің қаражаты есебінен жүргізіліп, қала бюджеті қаражаты пайдаланылған жоқ, - делінген хабарламада.
№134 бағыт Алматы-1 теміржол вокзалын «Автостанция» соңғы аялдамасымен байланыстырады. Бағыттың ұзындығы – 39,7 шақырым. Автобустар күн сайын сағат 05:50-ден 23:00-ге дейін қатынайды.
№140 бағыт «Райымбек батыр» метро бекетін «Таулы қырат» шағынауданындағы соңғы аялдамамен байланыстырады. Бағыттың ұзындығы – 18,4 шақырым. Автобустар күн сайын сағат 05:55-тен 23:00-ге дейін жүреді.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жаңа №145 автобус бағыты қатынай бастағанын хабарлаған едік.