Алматыда метромен жүретіндер саны артты

Алматы метрополитені тұрғындардың метрода жолаушылардың шамадан тыс көптігіне қатысты шағымына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Алматыда метромен жүретіндер саны көбейді
Фото: Александр Павский/ҚазАқпарат ХАА

«Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, Алматы метросындағы жолаушылар ағынына тұрақты түрде мониторинг пен талдау жүргізіледі.

«Бүгінде желіде 10 құрам жүреді, олардың әрқайсысы 900 адамға дейін сыйымдылығы бар 4 вагоннан тұрады. Талдауға сәйкес, жаңа оқу жылының басталысымен таңғы сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін Момышұлы мен Райымбек станцияларында 1400 адамға дейін жолаушылар саны байқалады. Кешкі 19:00-ден 20:00-ге дейін Жібек жолы және Момышұлы станцияларында 1600 адамға дейін жетеді. Қалған сағаттарда жолаушылар саны – 400-600 адам. Құрамдар арасындағы қозғалыс аралығы 6 минут 12 секунд», - деп хабарлады «Метрополитен» КМК-да.

Сондай-ақ «Метрополитен» кәсіпорны қазір желіде құрамдар санын көбейту мен қозғалыс аралығын азайту мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар