Алматыда мейрамхана өртке оранды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарағайлы ықшам ауданында орналасқан мейрамхана ғимаратынан өрт шықты.

 Елордада қойма өртеніп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ

Оқиға Бегайыл көшесінде тіркелді.

Өрт сөндірушілер жоғары дәрежелі шақырту бойынша дереу жетіп, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Суды үздіксіз беру қамтамасыз етіліп, бірнеше су оқпаны қолданылды.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, өрттің жалпы ауданы 625 шаршы метрді құрады. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 жүйесіне түспеген. 

Ресми мәліметке сәйкес, зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, Алматы облысында құс фабрикасы өртеніп, бір адам қаза болды.

Соңғы жаңалықтар