Алматыда мопед жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысып, қаза тапты

Алматыда КамАЗ мопед айдаған 17 жастағы бозбаланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі 

мопед
Фото: Мақсат Шағырбаев/ҚазАқпарат ХАА

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 4 қазан күні сағат 15:45 шамасында Түрксіб ауданында болған. 33 жастағы КамАЗ көлігінің жүргізушісі Красногорская көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, оңға бұрылған кезде 2006 жылы туған А.есімді азаматтың басқаруында болған мопедпен соқтығысты.

«Апат салдарынан мопед жүргізушісі А. есімді азамат оқиға орнында көз жұмды, оның жанындағы жолаушы түрлі дене жарақатын алды», - деп хабарлады ведомстводан.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды.

Бұған дейін Тимирязев көшесінде самокат мінген 13 жастағы баланы жүк көлігі қағып, мерт қылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар