Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер пайда болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Назарбаев даңғылының батыс бөлігінде, Ганди көшесінің солтүстігінде орналасқан жаңа сквер ресми түрде ашылды. Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.

Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Жаңа сквер қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағдарламасының бір бөлігі ретінде жүзеге асырылып, жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Нысанның жалпы аумағы 4,16 гектар, оның шамамен үш гектары жасыл аймаққа тиесілі.

Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Құрылыс барысында инженерлік және көркейту жұмысы толық көлемде орындалды. Сквер аумағына заманауи жарықтандыру және автосуару жүйелері орнатылды, 10 мың шаршы метрден астам жүргіншілер жолы төселді. Демалыс аймақтары жасақталып, 77 орындық және 52 қоқыс жәшігі қойылды.

Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Көгалдандыру жұмысы аясында барлығы 425 ағаш отырғызылды (оның ішінде 166 – қылқанжапырақты, 259 – жапырақты түрлер), сондай-ақ 590 бұта егілді (351 – қылқанжапырақты, 239 – жапырақты).

Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Сквердің ерекшелігі – жасанды тоған. Қыс мезгілінде ол сырғанақ айдыны ретінде пайдаланылатын болады. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына жыл бойы белсенді демалысқа мүмкіндік береді.

Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Мамандардың айтуынша, көркейтуде климаттық жағдайларға бейімделген материалдар және экологиялық шешімдер қолданылған. Жаңа сквер қаланың орталық бөлігіндегі жасыл желек жүйесімен үйлесімді түрде астасып, тұрғындардың серуендеуі мен демалысына қолайлы орынға айналды.

Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту қалалық ортаның сапасын арттырып, жасыл аймақтарды көбейтуге және қала тұрғындары үшін белсенді демалыс мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, Алматыда саябақтар, скверлер және жасыл аймақтар құру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Қаланың барлық аудандарында серуендеуге және демалуға арналған жаңа орындар ашылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар