Алматыда нотариустардың қызметіне 500-дей шағым түскен

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әділет департаменті 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жүргізілген бақылау мен қадағалау жұмысының қорытындысын шығарды. 

нотариус
Фото: freepik

Алматы қаласы әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаеваның айтуынша, шаһарда қазір 964 нотариус жұмыс істейді. 6 айда нотариустардың әрекетіне қатысты 419 шағым түскен. Соның негізінде 4 нотариустың лицензиясы тоқтатылып, тағы 8-і тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

– Сонымен қатар нотариустардың 23-іне нотариалдық қызметтерді орындау кезінде заң бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Былтыр мұндай істің саны 18 болған, - деді Балайым Кесебаева.

Алматы қаласы ӨКҚ
Фото: Алматы қаласы ӨКҚ

Сондай-ақ ол Алматыда адвокаттар саны 1 100 адам екенін атап өтті. Қорғаушылар үстінен жарты жылда 11 шағым түскен. Оның негізінде біреуіне тәртіптік жаза қолданылса, жеке сот шешімі бойынша тағы бір адвокат айыпталып, сөгіс алған. Бір іс заң бұзбағанына байланысты тоқтатылды. Сот шешімімен үш адвокат лицензиясынан айырылып, тағы екі адвокат басқа себеппен жұмысын тоқтатты.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласының әділет департаменті неке және ажырасу актілерінің санына байланысты мәлімет жариялады.

Соңғы жаңалықтар