Алматыда өгей қызын өлтірген әйелге қатысты сот отырысы басталды

  Алматыда 7 жасар өгей қызын өлтірді деген күдікке ілінген қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбекке қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Kazinform.

сот
Фото: Kazinform

Сот отырысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтті.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, істі судья Ерлан Болатов қарап жатыр.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, күдікті ретінде 47 жастағы Балжан Тұрлыбек танылды.

«Сот процесі жалғасатын болады. Келесі отырыс бесінші желтоқсанға белгіленді»,- деп хабарлады соттан.

Еске салайық, осы жылдың шілде айында Алматыда өгей анасы кішкентай қызды аяусыз соққыға жыққан. Салдарынан қыз бала оқиға орнында жан тапсырды.

 

Соңғы жаңалықтар