Алматыда онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар саны артты

АЛМАТЫ. KAZINFORM- Алматы онкологиялық орталығында емделушілер саны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы онкология орталығының директоры Нұрсұлтан Ізмағамбетов айтты.

аурухана
Фото: Pexels

Спикердің сөзінше, былтыр Алматы 5491 адамнан қатерлі ісік анықталып, есепке қойылды.

«Алматы онкология орталығының есебінде 31 866 пациент бар. 2023 жылдың қорытындысы бойынша есепке алынған 5 491 пациенттің 16,2 пайызы Алматы қаласына басқа өңірлерден келіп тіркелді. Сол 890 науқастың 125-де ауру асқынған кезеңде анықталып отыр. 2022 жылмен салыстырғанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны 8,2 пайызға көбейді»,-дейді Нұрсұлтан Ізбағамбетов.

Орталық директорының айтуынша, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім үш жылда 12,4%  төмендеген.

«Өткен жылы Алматының онкологиялық орталығында 22576 науқас емделді. Хирургиялық бөлімшелерде 2681 ота жасалды. Бұл ретте операцияның 55% аз инвазивті әдіспен жүргізіледі. Бүгінгі таңда химиотерапияның 50-ге жуық түрі, 40-тан астам мақсатты және гормоналды препарат қолданылады, соның арқасында 18 790 пациент химиотерапиялық ем алды»,-дейді онколог.

Соңғы жаңалықтар