Алматыда онкүндік мөлшеріндегі қар жауды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы көшелерінен 6,5 мың текше метр қар шығарылды.

Алматы, қыс, қар, коммуналдық қызмет
Фото: Алматы әкімдігі

15-16 желтоқсан күндері Алматы қаласында қалың қар жауды. Оның қалыңдығы қалада 22 см-ге, Каменск үстіртінде — 40 см-ге, Шымбұлақта — 42 см-ге жетті.

Алматы, қыс, қар, коммуналдық қызмет
Фото: Алматы әкімдігі

Қарды тазалауға тәулік бойы 600-ден астам арнайы техника мен 1080 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Алматы, қыс, қар, коммуналдық қызмет
Фото: Алматы әкімдігі

Жалпы қар жауып бастағалы қала көшелерінен  520 м³ қар шығарылған.

Алматы, қыс, қар, коммуналдық қызмет
Фото: Алматы әкімдігі

— Қарды уақтылы шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында автокөлік жүргізушілерінен автокөлікті жол жиектеріне, әсіресе түнгі уақытта қоймауын сұраймыз. Бір тәулікте жауған қардың мөлшері онкүндік норманы құрағанына байланысты, қаланың негізгі магистраль көшелерінен қар шығару бүгін түнде аяқталады, — деп хабарлады әкімдіктен.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатқанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум