Алматыда өртеніп жатқан көпқабатты үйден 12 адам құтқарылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан тұрғын кешендердің бірінде 4-ші қабаттағы пәтердің балконынан өрт шықты.

 Алматыда өртеніп жатқан көпқабатты үйден 12 адам құтқарылды
Фото: видеодан алынды

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 15 мамыр сағат 14:45-те он қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.

Жалын 15 шаршы метр жерді шарпып, бесінші қабаттың балконына ауысқан.

– ТЖД күшімен баспалдақ маршымен құтқару қалпақшасының көмегімен 12 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылды. Түтінге уланып қалған 1946 жылы туған зейнеткер ауруханаға жатқызылды,– деп хабарлады ведомстводан.

Өртті сөндіруге 32 маман мен 10 техника жұмылдырылды.

Осыған дейін Алматыда екі қабатты ғимарат өртенген болатын. 

Соңғы жаңалықтар