Алматыда өзен бойында серуендейтін жаңа кеңістік пайда болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алатау ауданында жаңа жаяу жүргіншілер аймағы пайдалануға берілді. Оған «Alatau Terrenkur» атауы берілген.

Алматыда өзен бойында серуендейтін жаңа кеңістік пайда болды
Фото: Алматы әкімдігі

Қоғамдық кеңістік Рысқұлов пен Райымбек даңғылдарының аралығындағы Үлкен Алматы өзенінің жағасында орналасқан.

Алматыда өзен бойында серуендейтін жаңа кеңістік пайда болды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары аясында аумақ толық көріктендірілді. Өзен жағалауында шағын сәулеттік нысандар мен жарықтандыру тіректері орнатылып, «Шаңырақ» арт-нысаны жасалды. Одан бөлек ағаш егіліп, көгал төселді және заманауи автоматты суару жүйесі енгізілді.

- Қоғамдық кеңістік қазірдің өзінде аудан тұрғындары үшін серуендеуге және демалуға арналған танымал орынға айналды, - деп хабарлады әкімдіктен.

Алматыда өзен бойында серуендейтін жаңа кеңістік пайда болды
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, 2025 жылдың тамыз айында Медеу ауданында Терреңқұр аймағын жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Алматыда өзен бойында серуендейтін жаңа кеңістік пайда болды
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда өзен бойында серуендейтін жаңа кеңістік пайда болды
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда өзен бойында серуендейтін жаңа кеңістік пайда болды
Фото: Алматы әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар