Алматыда өзге авторлардың әнін сатқан жалған композитор ұсталды

ән
Фото: pexels.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласының Полиция департаменті өзін композитор ретінде таныстырып, өзге адамдардың шығармашылық туындыларын сатқан күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«30 жастағы ер адам, ұжымдық арызбен жүгінген бірқатар музыканттарға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Азаматтардың арызынан белгілі болғандай, 1994 жылы туған Ы. есімді азамат, өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген. Күдікті ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда үздік полицейлердің суреттері LED экрандарда көрсетіле бастағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram