16:45, 14 Сәуір 2025 | GMT +5
Алматыда полиция қызметкерлерінен қашқан мопедші ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда полициядан қашқан мопед жүргізушісі жауапқа тартылды.

Әлеуметтік желілерде Алматыда полицейлердің мопедшінің қуып бара жатқан сәті түсірілген видео тарады.
Бейнежазбадан мопедшінің жаяу жүргіншілер аймағында жоғары жылдамдықпен қашып кетуге тырысқанын көруге болады.
— Мопед жүргізуші заңды талапқа бағынбай, тіпті жаяу қашып кетпек болды. Алайда тәртіп сақшылары оны қолға түсірді. Жол жүру ережесін бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады полициядан.
Бұған дейін полицейлер жүргізуші куәлігі жоқ 2006 жылғы азаматты ұстаған еді.
Еске салайық, Алматыда мотоцикл екі жол жұмысшысын қағып, мерт қылған болатын.