01:32, 24 Мамыр 2025 | GMT +5
Алматыда полиция көлігі апатқа ұшырады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда тәртіп сақшыларының көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында болған. Есірткіге мас болып ұсталған адам кенеттен жүргізушіге кедергі жасап, рульді тартып жіберген. Нәтижесінде қызметтік көлік басқа жеңіл көлікке соғылған.
- Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға полиция қызметкері қызметтік міндеттерін атқарған кезде болған. Қазір қызметтік тексеру тағайындалды. Нәтижелері бойынша барлық қатысушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Ұсталған адамға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар көзделген, - деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушыларға ескерту жасады.