Алматыда полицияның бұрынғы тергеушісі қылмысты жасырғаны үшін сотталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Арнайы прокурорлар Алматының Наурызбай ауданы полиция басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Өскеменде көрсеткішін жақсарту үшін жалған хаттамалар толтырған полицей сотталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қала прокуратурасының мәліметінше, тергеуші 14 қылмыстың жасалғаны туралы мәліметтер қолында бола тұра, оларды тіркеуді қасақана жасырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзған.

– Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекетін растады. Күдіктінің әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 433-бабы 2-бөлігімен сараланды, - делінген хабарламада.

Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Сондай-ақ сотталушы «полиция лейтенанты» арнаулы атағынан айырылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының Талғар аудандық сотында кісі өлтіру және қыз баланы ұрлау ісі бойынша оқиғаның алдын алмаған полиция қызметкеріне үкім шыққанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар