Алматыда ірі екі көше бір тәулікке жабылады

Алматы виды города қала көріністері
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының әкімдігі мегаполистің екі жол учаскесінде көлік қозғалысы уақытынша тоқтатылатынын хабарлады.

Батыс Желтоқсан көшесі Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін жабылады. Жылу желілерін қайта құру жұмыстары аяқталған бұл көшеде жол қалпына келтіріледі. 

Сондай-ақ Шевченко көшесі Достық даңғылынан Қонаев көшесіне дейін жабылмақ. Бұл жол учаскесінде Ұлттық Ғылым академиясының ғимаратын жөндеу жұмыстары аясында жаңа жол төселеді.

Айтылған жол учаскелері 25 мамыр сағат 6.00-ден 26 мамыр сағат 6.00-ге дейін жабық болады.

«Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – деп хабаралды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биыл Алматыда ұзындығы 250 шақырым 274 көшені орташа жөндеу жоспарланғанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар