Алматыда ірі көлемдегі пәтер ұрлығы ашылды
АСТАНА. KAZINFORM – Алматыда қомақты қаржы сақталған сейфті ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау аудандық полиция басқармасы қалалық криминалдық полициямен бірлесіп, жеке үйден сейфті ұрлап кеткен 33 жастағы ер адамды қолға түсірді.
Тергеу мәліметінше, ол сейфті үйден шығарып, шабаданға салып алып кеткен.
Полиция дерегінше, күдіктінің тағы бір осындай ұрлыққа қатысы бары анықталды. Алынған мәлімет бойынша, ол қылмыстарды тек түнгі уақытта жасап, қаланың өзге аудандарында да әрекет еткен болуы мүмкін. Қазір барлық ықтимал қылмыстық эпизодтарды анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, күдікті бұрын да бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды.
Еске салайық, ұрлық үшін сотталған қызылордалық мерзімінен 5 ай бұрын бостандыққа шықты.