Алматыда ірі қойма өртенді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматының Алатау ауданында бір қабатты қойма өртенді.

Ақтауда жасанды пальма өртенді
Фото: ҚР ТЖМ

Алматы қаласы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Бағдат Чайзаданың айтуынша, 20:50-де Алатау ауданы Шарипов 40а мекенжайы бойынша орналасқан қойманы жалын шарпығаны туралы қоңырау түскен және оқиға орнына ТЖД күштері жіберілген.

- Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер қасындағы типографияға өту қаупі бар бір қабатты қоймадағы ашық өртті анықтады. Қазіргі уақытта оқиға орнына 73 адам және 23 техника жұмылдырылды. Өрт оқшауланды, - деді Бағдат Чайзада.

ТЖД мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Алакөлдік қорықшылар мұз үстінде жүре алмай қалған елікті құтқарғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар