Алматыда референдум учаскесінде әнұран ым-ишара тілінде орындалды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы барлық дауыс беру учаскелерінде АЭС салу мәселесі жөніндегі республикалық референдум Қазақстанның әнұранын салтанатты орындаудан басталды.

Ерекше іс-шара № 6 Оқушылар үйіндегі сайлау учаскесінде өтті. Бұл жерде әнұран Түрксіб ауданының әкімдігі мен «Қазақстан саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен сурдоаудармашылардың көмегімен ым тіліне аударылды. Бұл іс-шара осы ауданда тұратын есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарға әнұран арқылы патриоттық сезім сыйлады.

Айта кеткен жөн, референдум өткізілген күні сайлау учаскелерінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен онлайн режимде 76 сурдоаудармашы жұмыс істейді. Олар есту қабілеті нашар адамдарға сайлау ережесімен танысып, толық ақпарат алуға көмектеседі. Инклюзивтілікті арттыру және барлық қала тұрғынына тең құқықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған бұл бастама есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтардың сайлауға кедергісіз қатысуына мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімі дауыс берді.
Сондай-ақ Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр.