Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - «Медеу» мұз айдынында Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

мемлекеттік ту
Фото: Алматы әкімдігі

Туды көтеру рәсімі дәстүр бойынша әскери оркестрдің сүйемелдеуімен мемлекеттік әнұранды орындаумен басталды. Мемлекеттік тудың көлемі 98 шаршы метр болса, биіктігі 40 метр.

Еске салайық, бүгін Алматыда мерекеге орай дрондар шоуы өтеді: сағат 21:00-де Абай алаңында, ал 21:30-да «Астана» алаңында 500-ден астам дрон синхронды түрде көкке көтеріліп, ұлттық мәдениет элементтері мен ел тарихындағы маңызды сәттерді бейнелейтін 3D бейнелер жасайды

мемлекеттік ту
Фото: Алматы әкімдігі

Оған қоса, сағат 20:00-де Республика күніне орай «Көктөбе» телемұнарасында мерекелік сәулеттік жарықтандыру қосылады

мемлекеттік ту
Фото: Алматы әкімдігі

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ұлық мереке – Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысқанын жазғанбыз. Іс-шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті. 

мемлекеттік ту
Фото: Алматы әкімдігі

 

Соңғы жаңалықтар