Алматыда Саин көшесі уақытша жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Алматыда ірі жолайрық жөндеу жұмыстарына жабылады
Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

17 қазан сағат 07:00–ден 19 қазан сағат 23:00–ге дейін Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі бөлігінің шығыс жағында, сондай-ақ Шәріпов көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Шектеу асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстарына байланысты енгізіледі.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады.

Алматыда Саин көшесі уақытша жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі жүргізушілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Еске салсақ, Алматыда Медеу — Шымбұлақ жолы уақытша жабылатыны хабарланды.