16:06, 18 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматының Алатау ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде пластикалық құбырлар өртенді.

Желі қолданушылар оқиға орнынан түсірген видеоларды желіде бөлісті.
Алматы қалалық ТЖД 18 наурыз сағат 13:58–те өрт сөндірушілер Момышұлы мен Универсиада көшесінің қиылысына жіберілгенін хабарлады.
«Оқиға орнына жеткен сәтте салынып жатқан бес қабатты тұрғын-үй кешенінің бірінші қабатында пластикалық құбырлардың өртенгені анықталды. Өрттің аумағы — 15 шаршы метр. Өрт сағат 14:08–де сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 13 адам, мен үш техника жұмылдырылды.