Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Алматыда сайлау күні 170 инватакси жұмыс істейді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 23 тамыз күні Құрылтай сайлауына байланысты жүріп-тұруы қиын азаматтарға «Инватакси» қызметін ұсынылады.

Алматыда сайлау күні 170 инватакси жұмыс істейді
Фото: Алматы әкімдігі

Қала әкімдігінің мәліметінше, оны арбамен жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдалана алады. Сайлау күні қызмет көрсетуге 170 «Инватакси» көлігі жұмылдырылады. Оның 36-сы арнайы жабдықталған көлік болса, 134-і жеңіл автокөлік. «Инватакси» қызметіне алдын ала тапсырыс беру үшін диспетчерлік қызметтерге хабарласу қажет.

Арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін:

  • +7 (747-19) 5-35-75;
  • +7 707 710 60 50 (WhatsApp);
  • +7 747 402 64 15 (WhatsApp).

Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін:

  • +7 (727-33) 8-32-78;
  • +7 (700-52) 1-26-33;
  • +7 777 611 13 57 (WhatsApp).

Сонымен қатар 23 тамызда 20 кезекші автокөлік қызмет көрсетеді. Оларды 8 700 151 07 01 және 338-30-09 телефон нөмірлері арқылы шақыруға болады.

Еске салайық, Құрылтай сайлауына байланысты Алматыда қоғамдық көлік тегін болады.