Алматыда «Сергек» камералары енді автотұрақ ережелерін бұзған көліктерді анықтай алады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда пилоттық режимде «Сергек» бейнебақылау камераларының жаңа функциясы іске қосылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.

Алматыдағы “Сергек” камераларында жаңа функция пайда болды
Фото: Алматы полициясы

Достық даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін Сәтбаев көшесінің оңтүстік және солтүстік жағын бақылайтын камералар тұраққа қою ережелерін бұзған көліктерді, оның ішінде екінші қатармен қойылған көліктерді анықтайтын болады.

- ҚР Жол қозғалысының ережелерінің 87, 88 пункттерінде көлiк құралының басқа көлiк құралдарының жүрiсiне мүмкiндiк бермейтiн (кіру немесе шығу) немесе басқа көлiк құралдарының қозғалысына кедергiлер туғызатын (кептелiс) орындарда тоқтауға тыйым салынады. Бұл қағидаларды бұзғандарға 10 АЕК (39 мың 320 теңге) айыппұл салынады, - деп хабарлады Полиция департаментінен.

Еске салайық, бұған дейін «Сергек» елордадан кетіп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар