Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - 23 ақпан күні Алматыда жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау үшін оқу-жаттығу өтеді. Таңғы сағат 10:00-де қала бойынша дабыл жүйелері іске қосылады. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев мәлім етті.

сирена
Фото: pixabay.com

Спикердің сөзінше, Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы тұрғындар арасында ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті. 

«Ертің 23 ақпанда, дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында таңғы сағат 10:00-де Алматыда жалпы қалалық сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады. Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтары сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын дабыл чемоданын дайындап, қауіпсіз жерге эвакуациялау бағытын алдын ала айқындау керек», - деді Нұрлан Атығаев.

- Қауіпсіз орындар – электр желілері мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық жерлер.

- «Барлығына, назар аударыңыз!» сигналын естігеннен кейін, сабыр сақтап, ғимараттан эвакуацияланыңыз.

- Төтенше жағдайларға дайын болу - адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Сейсмикалық жаттығуға белсенді қатысуға шақырамыз.

«Қалада шартты түрде баспанасыз қалған адамдарғы 384 қабылдау пункті іс жүзінде орналастырылады. Аталған бекеттер халықты жинауға, тіркеуге, уақытша орналастыруға, зардап шеккен халықты қажетті заттармен (су, тамақ, азық-түлік) қамтамасыз етуге, көлікке отырғызып және қауіпсіз аудандарға эвакуациялауға арналған», - деп атап өтті департамент басшысы. 

Еске салайық, қаңтардың 22-інен 23-іне қараған түнде Алматыда 5 балл деңгейінде жер сілкінді. Тұрығындар үрейленіп, үйінен көшеге, далаға шықты. 

Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өтті. 

Соңғы жаңалықтар