Алматыда шамамен 2 млрд теңгенің вейпі тәркіленді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда тыйымға қарамастан, электронды темекілерді заңсыз сату тоқтамай отыр.

Telegram-арнасы арқылы вейп сатқан топ ұсталды
Фото: Видеодан алынған скрин

Алматыдағы экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының басшысы

Жақсылық Кұттықов
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

 

тың айтуынша, вейптердің заңсыз айналымы кәмелетке толмағандарға қауіпті болып отыр.

 

Ол бұл қылмыс үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабына сәйкес айыппұл, қоғамдық жұмыс, қамауға алу, ұйымдасып істеп, ірі көлеммен ұсталса бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар екенін еске салды.

– Соған қарамастан, көлеңкелі сауда жүріп жатыр. Былтыр осындай тоғыз қылмыстық іс тіркелді, 12 онлайн-дүкен мен вейп сұйықтығын жеткізетін үш арнаның қызметі тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 1,8 миллиард теңгенің өнімі тәркіленді, – деді Жақсылық Құттықов.

Мәселенің медициналық қырын Алматы психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев түсіндірді.

 Сапар Рахменшеев
Фото: Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі

Маманның сөзінше, вейптердің қауіпсіздігі ғылыми түрде расталмаған.

– Тіпті никотинсіз вейптің өзі денсаулыққа қауіпті. Құрамында канцерогендер бар бу тыныс алу мүшелері мен жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсер етеді. Оның әсері жинақталып, уақыт өте келе бронх демікпесіне, созылмалы бронхит пен жүрек ауруына алып келуі мүмкін, – деді ол.

Оның айтуынша, балалар мен жасөспірімдердің вейп қолдануы ерекше алаңдаушылық туғызады.

– Хош иістендіргіш пен ауыр металдар ағзаның жетілуіне атсалысатын эндокриндік жүйеге әсер етеді. Жасөспірім кезде бұл аса қауіпті. Қазірдің өзінде басы жиі ауырып, есте сақтау қабілеті төмендеп, ашушаң болып, депрессияға ұшырағандардан біраз шағым түсті, - деді орталық директоры.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда тәркіленген 180 мыңнан астам вейп тегіс жойылғанын хабарлағанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум