Алматыда ішек инфекциясымен ауырғандардың саны 100-ден асты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы жаз кезінде жеміс-жидекті барынша мұқият жуып жеуге кеңес берді.

Павлодарда респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар көбейе түскен
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) - іштің ауыруына, іштің өтуіне және құсуға әкелетін асқазан-ішек жолдарының аурулары. Ол көкөніс, жеміс-жидек және басқа да тағамдарды жеткілікті түрде жумай тұтынудың салдарынан аурушаңдық өсетінін атап өтті.

- Инфекцияның ластанған су қоймаларында суға түсу кезінде де берілуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Кез-келген жастағы адамдар жіті ішек инфекцияларымен ауырады, бірақ сырқаттану 6 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездеседі. 2025 жылдың 5 айында Алматы қаласында жіті ішек инфекциясының 101 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 46 жағдай, - деді ол.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, инфекцияның негізгі таралу жолы - тағам арқылы, оның үлесі - 81,1% (82 жағдай), тұрмыстық жол арқылы - 18,8% (19 жағдай).

- Сауалнамаға сәйкес, науқастардың басым бөлігі үй жағдайында сапасыз тағам өнімдерін тұтынған, олардың дайындау технологиясы мен сақтау шарттарын (құс өнімдері, ет және сүт өнімдері) бұзған, жеке бас гигиенасын сақтамаған. Ішек инфекцияларымен ауырмау үшін қарапайым ережелерді сақтау қажет: дәретханаға барғаннан кейін, тамақ ішер алдында және тамақ дайындау алдында қолды сабынмен үнемі және мұқият жуу, тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішу және басқа да, - деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Еске салайық, бұған дейін Ақмоладағы спорт мектебінде 18 балада ішек инфекциясы анықталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар