Алматыда шетелдік азаматтың өлімі тексеріліп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда пәтерлердің бірінде шетелдік азаматтың мәйіті табылды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. 

Преступление Қылмыс задержания ұсталды МВД РК ҚР ІІМ полиция
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Желідегі ақпарат бойынша, Әуезов ауданындағы пәтерде 50 жастағы Ресей азаматының бөлшектелген денесі табылған. Бұл ақпаратты Алматы қаласының Полиция департаменті растады.

- Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. 

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында бала өліміне байланысты қылмыстық іс тексеріліп жатқанын жазған едік.

Күдіктілердің бірі - баланың анасы болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар