Алматыда синтетикалық есірткі жасайтын екі ірі цех жойылды - ҰҚК

есірткі
Фото: ҚР ҰҚК

Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті жасырын жолмен синтетикалық есірткі жасайтын екі ірі цехты жою бойынша операциялар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

есірткі
Фото: ҚР ҰҚК

Психотропты заттарды дайындады және сатты деген күдікпен үш адам ұсталды. Тінту кезінде олардан 21 кг «мефедрон» және «альфа-РVР», прекурсорлардың ірі партиясы мен зертханалық жабдықтар анықталды. Тәркіленген есірткілік заттардың құны «қара нарықта» 420 млн теңгеге бағаланады, ал көлемі 85 000 рет қабылданатын мөлшерге тең.

есірткі
Фото: ҚР ҰҚК

Материалдар Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Соттың санкциясымен күдіктілерді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

есірткі
Фото: ҚР ҰҚК

Айта кетсек, биылғы 9 айда ҰҚК 30 халықаралық және аумақтық есірткі арналарының, сондай-ақ 29 есірткі жасайтын зертханалар іс-әрекетінің жолын кесті. Жалпы алғанда, заңсыз айналымнан шамамен 1 тоннаға жуық синтетикалық есірткі және 76 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.

есірткі
Фото: ҚР ҰҚК

 

Соңғы жаңалықтар