Алматыда соғыс жылдары ерлік көрсеткен қазақстандықтар туралы жаңа фильмдер түсіріледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Соғыс жылдары ерлік көрсеткен қазақстандықтар туралы жаңа фильмдер түсіру жоспарланып отыр. 

Алматыда соғыс жылдары ерлік көрсеткен қазақстандықтар туралы жаңа фильмдер түсіріледі
Фото: «Күт мені» фильмі. 1943 ж/видеодан алынған скрин

Киногерлер аты аңызға айналған Рахымжан Қошқарбаев, Хиуаз Доспанова және Ұлы Отан соғысына қатысқан басқа да қазақ батырлары туралы толықметражды көркем картинаны жарыққа шығаруды жоспарлап отыр. Шығармашылық топ тарихтың жаңа беттерін ашып, сол кездегі маңызды және осы күнге дейін түсініксіз болған фактілер туралы айтып, көрсетеміз деп отыр. Бұл жобалар Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығының питчингіне ұсынылады. Бастамалар қолдау тапса, онда отандық картиналардың қоры толыққалы тұр.

— Сонымен бірге, біз тағы бір ерекше жобаны қолға алдық. Бұл — соғыс кезінде бір танк экипажында бірге шайқасқан төрт қазақ қызы туралы. Олар жайлы 1944 жылы «Советтік Қарағанды» газетінде жазылған екен. Бірақ, өкінішке қарай, есімдерінен басқа дерек жоқ, - деді сценарист, режиссер Бекболат Шекеров.

Алматыда соғыс жылдары ерлік көрсеткен қазақстандықтар туралы жаңа фильмдер түсіріледі
Фото: «Ақ гүл» фильмі. 1941 ж/видеодан алынған скрин

Алматыда соғыс жылдарында бірнеше филм түсірілді

Алматыда соғыс жылдары ерлік көрсеткен қазақстандықтар туралы жаңа фильмдер түсіріледі
Фото: «Отқа оранған Орал» фильмі. 1974 ж/видеодан алынған скрин

1941 жылы Алматы бір күнде КСРО-ның киноастанасына айналды, өйткені соғыс басталғанда «Мосфильм» мен «Ленфильм» осында эвакуацияланды. Сол жылдың 12 қыркүйегінде шаһарда көркемсуретті фильмдер киностудиясы ашылды, ал қараша айында ол Мосфильм және Ленфильм студияларымен бірігіп, Орталық Біріккен Киностудияның құрамына қосылды. Сол жылдары бірқатар туынды жарыққа шықты. Қала көшелерінде Александр Довженко, Сергей Эйзенштейн, Любовь Орлова сияқты кеңес жұлдыздарын кездестіруге болатын еді. Алайда соғыс жағдайында кино түсіру қиынға соқты: суық павильондар, жарық пен пленка тапшылығы. Соған қарамастан, дәл осы жерде аңызға айналған фильмдер дүниеге келді.

Алматыда соғыс жылдары ерлік көрсеткен қазақстандықтар туралы жаңа фильмдер түсіріледі
Фото: Видеодан алынған скрин

— Соғысқа оқ жарақтарды дайындап жатқан кезде пленканы шығарудың өзі пленканың тапшылығы болды. Қазір 5-6 дубль түсіретін болса ол кезде 1 дубльдан артық түсіруге рұқсат берілмеген. Мұнан операторлардың сапалы жұмысын аңғаруға болады, - дейді кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сатыбалды Текеев.

Түсірілген фильмдер арасында: «Аудандық комитеттің хатшысы» («Секретарь райкома» 1942 ж., режиссері И. А. Пырьев); «Ол өз Отанын қорғайды» («Она защищает Родину» 1943 ж, режиссері Ф. М. Эрмлер); «Зоя» («Зоя» 1944 ж., режиссері Л. О. Арнштам); «Отан үшін» («Во имя Родины» 1943 ж., режиссерлері В. И. Пудовкин мен Д. И. Васильев); «Мені күт» («Жди меня» 1943ж., режиссерлері. А. Б. Столпер, Б. Иванов); «Майдан» («Фронт» (режиссері Г.Н.мен С. Д. Васильевтар), «Иван Грозный» (1 және 2 серия, Режиссері С. М. Эйзенштейн) туындылары болды.

Алматыда соғыс жылдары ерлік көрсеткен қазақстандықтар туралы жаңа фильмдер түсіріледі
Фото: «Мергендер» фильмі. 1985 ж/видеодан алынған скрин

Таспаланған тарих

Ерболат Тоғызақов қалың көрерменге әйгілі «Шал» фильмінен кейін танылды. Бірақ ол кино әлеміне жастайынан қадам басқан. Майдангер режиссер Мәжит Бегалиннің 1974 жылы түсірілген «Отқа оранған Орал» атты фильмінде картина директорының көмекшісі қызметін атқарған.

Алматыда соғыс жылдары ерлік көрсеткен қазақстандықтар туралы жаңа фильмдер түсіріледі
Фото: Видеодан алынған скрин

— Көптеген соғыс туралы фильмдер Алматыда түсірілген, және сол фильмдерде қарапайым адамдардың өмірі көрсетілді. Олар соғысқан біздің өз азаматтарымыз немесе солдаттар рөлін сомдаған актерлер болды. Мен тағдырыма ризамын, өйткені мен осындай актерлермен жұмыс істедім. Мысалы, Зет Бошаевтың өзі- кино өндірісін ұйымдастырушы. Оның арқасында мен көп нәрсені үйрендім, - дейді актер Ерболат Тоғызақов.

Соғыс жылдары қазақ киносы үшін тарихи кезең болды. Өйткені, Алматының сол кездегі жайлы климаты мен көркем табиғаты шығармашылыққа мол мүмкіндік беріп, таспаланып жатты. Ал қазақ әртістері сүйекті рөлдерді сомдап, көрермен есінде жаттала бастады.

Алматыда соғыс жылдары ерлік көрсеткен қазақстандықтар туралы жаңа фильмдер түсіріледі
Фото: Видеодан алынған скрин

— 3 қысқаметрлі фильмнен тұратын «Дала әндері» атты киноновелласы түсірілді. Соның бірінші новелласы 1941 жылы «Дала әндері» деп аталды. Оған Ғабит Мүсірепов сценарий авторы болды. Екіншісі «Алыптар әні» және үшіншісі «Ақ гүл» фильмі. Үш фильмнің де негізгі идеялары сол кездегі тылда жұмыс жасап жатқан және соғыстың ерекшелігін көрсететін жауынгерлікті, паириоттық сезімді, отансүйгіштікті насихаттайтын фильмдер болды. Әмина Өмірзақова сияқты актрисаларымыз сол кезде актерлік мектептен тәлім алып Шәкен Айманов бастаған ұлы тұлғаларымыз сол кезде студияда жұмыс жасап қазақ киносының өркендеуіне кәсіби тұрғыдан дамуына ат салысты, - деді кинотанушы Гүлім Көпбайқызы.

Жалпы соғыс жылдары Алматыдағы Біріккен Орталық киностудиясында отандық фильмдердің 80 пайызы түсірілді. Барлығы 23 толық және 10 қысқа метражды фильм жарыққа шықты. Фильмдер майдан даласына жеткізіліп, сарбаздарға көрсетілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін жеңістің 80 жылдығына орай қаһарман ақын Абдолла Жұмағалиев туралы деректі фильм түсірілетінін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар