Алматыда соққыға жығылған зейнеткер қайтыс болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Мегаполис саябақтарының бірінде кешкі жүгіруге шыққан зейнеткер кісі қолынан қаза тапты.

полиция, участковый, мвд, задержание, стражи порядка
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қайғылы жағдайды Алматы қаласының полициясы растады.

«Адам өліміне әкеп соқтырған дене жарақатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», – деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаментінен.

Бұған дейін Жамбыл облысында 8-сынып оқушысы көшедегі әжетханада қайтыс болғаны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар