Алматыда сот шешімімен сауда орны бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда сот шешімімен ірі құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды.

сауда үйі
Фото: Алматы әкімдігі

Өңірдегі қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім еткендей, Қалдаяқов көшесі 19 мекенжайында орналасқан ғимарат толық сүріледі.

Меншік иесі сауда павильонын қосымша рұқсат құжаттарынсыз тұрғызған және оның пайдалануға беру актісі болмаған.

Басқарма ҚР ӘҚБтК-нің 323-бабы бойынша шаралар қабылдады және орын алған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берді. Алайда, талаптар орындалмады.

сауда үйі
Фото: Алматы әкімдігі

— Басқарма осы нысанды бұзу туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына арыз түсірді. Соттың 2025 жылдың 28 қаңтардағы шешімімен талап қанағаттандырылды, — деп хабарлады басқармадан.

Еске салайық, Алматыды екі жылда 65 нысан сүрілген

Соңғы жаңалықтар