Алматыда сот шешімімен тұрғын үйдің бір қабаты бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Шақшақ-Жәнібек көшесі, 3 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің үшінші қабатының бұзылғанын хабарлады.

үй бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі (жеке тұлға) рұқсатсыз тұрғын үйді қайта жаңғыртып, жалпы аумағы шамамен 200 шаршы метр болатын үшінші қабатты салғаны анықталды.

– Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы нұсқама берілді, - делінген хабарламада.

тұрғын үй бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

Меншік иесі нұсқама талаптарын орындамағандықтан, басқарма Медеу аудандық сотына үшінші қабатты бұзу туралы талап арыз берді.

– 2025 жылы 22 тамызда сот шешімімен талап арыз қанағаттандырылды. Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды бұза бастады, - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда «Мәдениет» шағынауданы, 185/8 мекенжайында орналасқан «Достар Делюкс» аз қабатты тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталғанын жазғанбыз.

тұрғын үй бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

 

 

Соңғы жаңалықтар