Алматыда студенттердің жеке деректерінің таралуы: сотқа дейінгі тексеру басталды

Алматыда студенттердің жеке деректерінің таралуы: сотқа дейінгі тексеру басталды
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы прокуратурасының нұсқауымен дербес деректерді тарату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«14 ақпан күні Бостандық ауданының Полиция басқармасымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің медициналық құпияны құрайтын жеке деректер мен мәліметтерді тарату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 147-бабы (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелді», - деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студенттердің жеке мәліметтерінің таралып кетуі оқиғасына қатысты пікір білдірген еді.

 

Соңғы жаңалықтар