Алматыда су тарифтері өзгере ме

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 2025 жылға дейін қолданыста болған тарифтің аяқталуына байланысты Алматыда 1 ақпаннан бастап 2029 жылға дейін жарамды тарифтер енгізілді.

вода
Фото: freepik.com

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өтім департаментінің директоры Серік Шағыров айтты.

— 2025 жылға дейін қолданыста болған тарифтің аяқталуына байланысты Алматыда 1 ақпаннан бастап 2029 жылға дейін жарамды тарифтер енгізілді. Тиісінше, тарифтер енді өзгермейді. Олар жыл басында жылдағы индексациямен бекітілді, — деді ол.

Еске салайық, 2025 жылдың 1 ақпаннан бастап 2020-2024 жылдарға арналған бұрын бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты сумен жабдықтауға және су бұруға жаңа тарифтер енгізілді. Сумен жабдықтаудың орташа тарифі бір текше метрі үшін 135,24 теңге, су бұрудың бір текше метрі — 83,54 теңге болды.

Бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев, Алматыда коммуналдық тарифтер субсидияланатыны туралы айтқан болатын. 

Биыл 141 700 алматылыққа коммуналдық қызмет ақысын төлеуге 25 мың теңгеден беріледі. 

Соңғы жаңалықтар