Алматыда табиғи петроглифтер паркі ашылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласының бас ботаникалық бағында «Арқалан» табиғи петроглифтер паркі ашылды.

Алматыда табиғи петроглифтер паркі
Фото: Ботаникалық бақ

Ботаникалық бақтан мәлім еткендей, «Арқалан» табиғи петроглифтер паркі – «Ботаника және фитоинтродукция институты» мен «Петроглифтер аңшылары» қоғамдық бірлестігінің жобасы.

Бұл Қазақстан тарихының түркі дәуіріндегі петроглифтердің арт нысандарының бірегей галереясы. Атаулы нысандар әйгілі петроглиф суретшісі Санжар Жұбанов пен мүсінші Саид Айнековтің туындылары.

Парктің жобасы Зира Наурызбайдың қатысуымен әзірленді.

Алматыда табиғи петроглифтер паркі
Фото: Ботаникалық бақ

«Ботаника және фитоинтродукция институтының маңызды міндеттерінің бірі зерттеу, табиғатты қорғау, білім беру және мәдени-ағарту.Тарихи тұрғыдан алғанда, адамзат қауымдастығының дамуы қоршаған орта жағдайларымен анықталды және өз кезегінде адамның экономикалық және мәдени қызметі ландшафттарды, флора мен фаунаның сипаттамаларын өзгертті. Табиғатпен тығыз бірлікте Қазақстан аумағында ежелгі уақытта көшпенділер өркениетін тудырған бірегей дала мәдениеті қалыптасты. «Арқалан» табиғи петроглифтер паркі бұл байланыстың айқын көрсеткіші»,- деді «Ботаника және фитоинтродукция институтының» бас директоры Гүлнара Ситпаева.

Алматыда табиғи петроглифтер паркі
Фото: Ботаникалық бақ

«Петроглифтер аңшылары» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ольга Гумирова, мұндай шешімге осыдан үш жыл бұрын Арқарлы экспедициясында жұмыс істеп жүрген кезде келгендерін жеткізді.

«Мұндай саябақты құру идеясы бұрыннан болған. Біз елдің шынайы, тірі тарихын қолжетімді еткіміз келді. «Арқалан» келушілер үшін Қазақстанның ежелгі мәдениеті мен тарихын зерттеуге алғашқы қадам болатынына сенімдімін. Назар аудару, өз кезегінде, мәдени мұраны сақтап қалуға ықпал етеді»,- дейді ол.

Алматыда табиғи петроглифтер паркі
Фото: Ботаникалық бақ

«Арқалан» табиғи петроглифтер паркін Алматы қаласының бас ботаникалық бағының жұмыс уақыттарында барып көруге болады. Ол бақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде «Қазақстан» экспозициясының аумағында орналасқан.

Қазақстанда шамамен 300 мың бірегей петроглиф бар. Жартастағы сурет үлгілері мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан. Олар ел тарихы мен мәдениетінің даму барысын көрсетеді.

Алматыда табиғи петроглифтер паркі
Фото: Ботаникалық бақ

Еске салайық, осы жылдың наурыз айында үшінші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев «Қазақстан петроглифтер елі» деп кездейсоқ аталмайтынын атап өткен болатын

Соңғы жаңалықтар