Алматыда тағы бір көше екі айға жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Саин – Шаляпин – Яссауи – Жандосов көшелері бойында су құбыры және кәріз желілерін тарту жұмыстарының басталуына байланысты 23 маусым мен 30 тамыз аралығында Яссауи көшесінде автокөлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеледі:
23 маусымнан бастап 8 шілдеге дейін Жандосов көшесінен Степная көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.
8 шілде – 21 шілде аралығында Степная көшесінен Тайбурыл көшесіне дейін жол жабылады.
21 шілдеден бастап 10 тамызға дейін Тайбурыл көшесінен Яссауи көшесі, 13а мекенжайына дейін жабылады.
10 – 31 тамыз аралығында Яссауи көшесі, 13а мекенжайынан Шаляпин көшесіне дейін көлік қозғалысы шектеледі.

– Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары тығыз тасты топырақтың болуына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау әдісін (КББ) қолдануға мүмкіндік бермейді, – деп атап өтті әкімдіктен.
Еске салайық, 31 мамырдан 20 шілдеге дейін Бөгенбай батыр көшесінің бір бөлігі, 31 мамырдан 30 маусымға дейін Түрксіб ауданында Котельников көшесінің бір бөлігі жабылды.
Сондай-ақ 1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Сәтпаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі. 2 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Ғабдуллин көшесінде Римский-Корсаков көшесінен бастап Нахимов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектеледі.