Алматыда тағы да лай көшкіні жүрді

Алматы
Фото: ТЖМ

АЛМАТЫ. KAZINFORM –  Алматының Медеу ауданында көлемі 60 текше метр сырғыма түсті.

«Медеу ауданында көлемі 60, салмағы шамамен 5 текше метр лай сырғып, тас жолды жартылай жауып қалды. Зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында «Казселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары жүр», - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметінен.

Бұған дейін де көлемі 10 текше метр болатын лай сырғыма түскен еді. 

Сондай-ақ Алматыдағы нөсер жауын мен заңсыз салынған құрылыс салдарынан Керей-Жәнібек хандар көшесі бойында сазды лай көшкіні түскен болатын. 

Соңғы жаңалықтар