Алматыда тағы да жылу құбыры жарылып, көшені ыстық су басты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда гидравликалық желілерді жоспарлы сынақтан өткізу кезінде Қазыбаев көшесінде жылу құбыры жарылды.

Авария на теплосети: в Алматы вновь затопило улицу горячей водой
Фото: видеодан алынған кадр

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметінше, Қазыбаев көшесінің бойындағы № 105а үйдің маңымен өтетін магистральдық құбыр учаскелерінің бірінде құбыр жарылды. Зардап шеккендер жоқ.

– Диаметрлі 1000 мм болатын құбырдағы ақауды жедел түрде апаттық бригада оқшаулады. Алдын ала мәлімет бойынша жарылыстың себебі — – құбырдың коррозияға ұшырауы. Сынақ кезінде барлық қауіпсіздік шарасы сақталғанымен, төтенше жағдайлар болуы мүмкін, – деп хабарлады компаниядан.

Бұған дейін Алматыда жоспарлы сынақ кезінде AlmaU университетінің жанында жылу құбыры жарылған болатын.

Компания мұндай жағдай болған кезде өз бетінше әрекет етпеуді, оқиға орнынан дереу кетіп, телефон арқылы «Алматы жылу жүйесіне» хабар беру керек екенін еске салды.

Соңғы жаңалықтар