Алматыда тағы екі бағыт бойынша автобустар жаңарды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгіннен бастап №16 және №50 бағыттар бойынша автобустар жаңарып, жылжымалы бірліктер саны артты.

автобусы Алматы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

«№16 бағытта «Асыл арман» шағын ауданы – Орталық мәдениет және демалыс саябағына баратын автобустар саны 15-тен 25 бірлікке дейін, ал №50 бағыттағы «Айша бибі шағын ауданы - Байсұлтанов көшесіне» қатынайтын көлік саны 10-нан 25 бірлікке дейін артты»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен. 

Yutong маркалы газбен жүретін 12 метрлік жаңа автобустар заманауи жабдықпен жабдықталған. Атап айтар болсақ, ауабаптағыш, бейнебақылау жүйелері және телефондарды зарядтауға арналған USB коннекторлар бар. Сонымен қатар салонға аялдамаларды көрсететін ақпараттық дисплей орнатылған.

«Ал, бұрынғы автобустар басқа бағыттарды күшейтуге бағытталмақ»,-деп атап өтті әкімдіктен. 

Бұған дейін Медеуге баратын автобустардың жаңарғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар