Алматыда тағы екі жер сілкінісі болды: Қуаты — 2 балл

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда бүгін таңертең бірінен соң бірі тағы екі жер сілкінісі болды. 

алматы
Фото: Александр Павский/Kazinform

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Бірінші дүмпу таңғы сағат 09:52 кезінде болды.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.5. MPV магнитудасы — 5.2. 

Алматыда 2 балл көлемінде сезілген. 

Екіншісі де таңғы 10:01 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 256 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді.

Энергетикалық санаты — 11.9. MPV магнитудасы — 5.3.

Оны да алматылықтар 2 балл көлемінде сезді.