Алматыда тағы жер сілкінді: Қуаты — 2 балл

Алматы
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда тағы жер сілкінді. 

Сейсмологиялык зерттеу институтына қарасты сейсмикалық стансалар желісі 6 наурыз Алматы уақытымен 05:09 кезінде жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы — 12.6.

Магнитудасы — 5.4.

Тереңдігі — 10 шақырым. 

Алматыда 2 балл көлемінде сезілді.  

Еске сала кетейік, 4 наурыз Алматыда 5 балдық зілзала болған еді. 

Жер сілкінісі кезіндегі 10 қадам

  1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
  2. Лифт және баспалдақ қолданбаңыз;
  3. Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
  4. Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабатта негізгі іргелі қабырғалардың бұрышынан орын тауып жасырыныңыз;
  5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабатта);
  6. Көпқабатты үйде жер сілкініп болған соң ғана ғимараттан шығыңыз;
  7. Кетер алдында су, газ, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
  8. Дабыл шабаданын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
  9. Электр желілерінен, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
  10.  Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
  11.  Қарттарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіңіз.
Соңғы жаңалықтар