Алматыда «Тамаша» театрының 45 жылдығына орай концерт өтеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда «Тамаша» әзіл-сықақ театрының 45 жылдығына арналған шоу-концерттің дайындығы жүріп жатыр.

Тамаша
Фото: Александр Павский / Kazinform

Биыл аты аңызға айналған «Тамаша» әзіл-сықақ театрына 45 жыл толып отыр. Мерейлі датаға орай театрдың талай қойылымы өткен Республика сарайында 9 желтоқсан күні арнайы шоу-концерт ұйымдастырылмақ. Концерт сағат 19:00–де басталып, 2-3 сағатқа созылады.

театр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Іс-шараның тізгінін Бауыржан Орда мен Ләйлә Сұлтанқызы алады. Ал «Тамаша» театрының құрамында болған Тұңғышбай Жаманқұлов, Лидия Кәденова, Гүлбаушан Тілеубекова, Данагүл Темірсұлтанова сынды өнер саласының қайраткерлері айтулы театр туралы естеліктерімен бөлісіп, театр сахнасында шырқалған әндерді орындайды. Сондай-ақ театрдың үздік сатиралық қойылымдарынан миниатюра көрсетіледі. Көрермен оған қоса театрдың алтын қорында сақталған естелік бейнежазбаларды тамашалайтын болады.

театр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Одан бөлек мерекелік концерт барысында «Дос-Мұқасан», Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Парвиз Назаров, Мәдина Сәдуақасова, Беркут пен Аиша, «Жігіттер тобы» және өзге де эстарада жұлдыздар өз өнерлерін паш етеді.

театр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бүгін Республика сарайында мерейлі кешке қызу дайындық жүріп жатыр. Жауапты мамандар сахнаның техникалық жабдықтарын ретке келтіріп жатса, бұл сахнаға шығатын әртістер ертеңгі қойылымдарына бір қайтара дайындалуда.

театр
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Еске салайық, 30 қарашадан бастап Jibek Joly телеарнасынан аты аңызға айналған «Тамаша» туралы сериал көрсетіле бастады

Сериал қазақ халқының ең танымал театрының тарихында болған барлық маңызды оқиғаларды, танымал кейіпкерлермен, интермедиялармен және музыкамен көрсетеді.

Сондай-ақ Kazinform фотожурналисі Алматыдағы «Тамаша» сериалының түсірілім барысынан фоторепортаж жасаған болатын

Соңғы жаңалықтар